ҚАРАҒАНДЫДА: 13°C
  • USD 448.56
  • EUR 478.03
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Республика жаңалықтары

10 Желтоқсан 2021 12:03
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр

Соңғы 20 жылда Қазақстанның экономикалық өсімі негізінен қазба отынының экспортына тәуелді болды. Сарапшылардың сөзінше, әлемдегі энергияны ең көп тұтынатын он елдің бірі ретінде Қазақстанға жасыл экономиканы дамыту үшін көбірек жұмыс істеу керек. Ел климаттың өзгеруіне де осал болып отыр, мәселен, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, экожүйелер, сондықтан климаттың өзгеруінің әсеріне бейімделудің жаңа критерийлерін белгілеу үшін Бейімделу туралы хабарламаны әзірлеу қажет.

Жиынға қатысқан СІМ көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов Корея-Қазақстанның Азиядағы маңызды стратегиялық серіктесі екенін айтып, бірлесіп жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

«Корея біздің Азиядағы маңызды стратегиялық серіктесі екенін айту керек. Біздің елдер БҰҰ аясында белсенді ынтымақтасып, бастамаларға өзара қолдау көрсетеді. Көмірсутекті бейтараптыққа жету қазір жаһандық маңызды бастаманың бірі болып есептеледі. Сол себепті Қазақстан 2060 жылға таман көмірсутекті бейтараптыққа жетуді мақсат етті. Сондай-ақ 5 жылда 2 млрд ағаш отырғызу мақсатын қолға алдық», - деді ол.

Оның сөзінше, Қазақстан Кореямен тәжірибе алмасу ынтымақтастығын дамытуға мүдделі.

«Себебі Кореяның қазіргі уақытта жасыл экономика саласындағы технологиялары жоғары. 2017-2019 жылдары Арал теңізінің құрғаған түбіне ағаш отырғызу бастамасын    да Корея қолдаған еді. Қазақстанның жаһандық өсім институтына болашақта қосылуы көміртекті бейтараптыққа жету ынтымақтастығын арттыра түсіреді», - деді Дидар Теменов.

Ал, Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрағасы Айгүл Соловьева соңғы 20 жылда Қазақстанның экономикалық өсімі негізінен қазба байлықтар экспортына тәуелді болғанын айтты.

Қолданыстағы электр және жылу өндіру қуаты негізінен көмірге тәуелді, ол экономиканың барлық саладағы отынмен байланысты елдің жалпы шығарындыларының шамамен 80%-ын құрайды.

«Париж келісіміне сәйкес елдер СО2 шығарындыларын қысқарту үшін жақын болашақта, 2030 жылға қарай Ұлттық анықталған жарналар (NDCs) деп аталатын жоспарларды дайындауға келіст»і, - деді Соловьева.

Сондай-ақ олар бес жыл сайын жиналып, осы міндеттемелерді жаңарту туралы есеп беретініне келісті.

Айта өтейік, Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігінің қолдауымен, сондай-ақ Қазақстандағы KOICA түлектері қауымдастығының, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының (AEOC) және жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығының (ICZTIP) бастамасы мен ұйымдастыруымен, Қазақстанның көміртегі бейтараптығы стратегиясын тиімді жүзеге асыру үшін жасыл экономика саласындағы озық тәжірибе мен жоғары технологияларға ие Корея Республикасымен тығыз өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу мақсатында өтіп жатыр.