ҚАРАҒАНДЫДА: 13°C
  • USD 448.56
  • EUR 478.03
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Мақалалар

«Маңызды қадамдардың бірі» Р.С. Балтабаеваның мақаласы

12 Қыркүйек 2019 11:36

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтудың «негізгі кілті» болып табылатын тіл мәселесіне тоқталып өтті. Бұл жөнінде ол: «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек»,– деп уақыт өте келе ұлтаралық қатынас тілі қазақ тілі болатындығына сенім білдірді. Сонымен қатар Президент: «Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз»,- дейді. Барлығымызға  белгілі, ҚР  Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» деп айтқан еді.

         Айтулы шараға үн қосып, Осакаров ауданында да жаңа әліпбиге көшу бойынша бірталай іс-шаралар атқарылып жатыр. Мысалы, Осакаровка кентінде латыннегізді әліпбиді насихаттау мақсатында Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қарағанды облысының ресурстық тіл орталығының өкілдерімен кездесулер өткізілді. Аудан газетінде латын қарпіне көшу туралы мақалалар жарияланып тұрады. Сонымен қатар, жаңа емлені талқылау мақсатында дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұймдастырылды және ақпан айынан бастап «Латын қарпінде жазып дағдыланамыз» атты тренинг өткізілуде. Тренинг барысында латын қарпінде оқу және жазу дағдыларын қалыптастыратын түрлі тапсырмалар беріледі. Тренинг ұйымастыру барысында берілетін ақпарат пен тапсырмалар неғұрлым жеңіл қабылдауға негізделген  болса, соғұрлым, тек қазақ тілінде сөйлетін адамдар арасында ғана емес, өзге ұлт өкілдеріне де қабылдауға оңайырақ болады. Адам естіп, көргеннен гөрі өзі істеп шықса ғана есінде жақсы сақталады. Сол себепті тапсырмаларды дайындағанда тренингке қатысушылардың өздері емле ережелерін алып шыққандары тиімді болады.

         Осы іс-шаралардың нәтижесінде өзге ұлт өкілдерінің беті бері қарап, олардың тарапынан жаңа әліпбиге қатысты оңды пікірлер қалыптасуда. Еліміздің латын әліпбиіне көшуі – ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек, бірінші тұғыры байлық – жер, екіншісі – тіл, үшіншісі – мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалады. Ағартушы-педагог ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» деп айтып кеткендей, бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізейік!

 

 

Осакаров ауданының 

мәдениет және тілдерді дамыту

 бөлімінің латынға жауапты

маманы Р.C. Балтабаева

 

 

 

 

 










Артқа қайту