ҚАРАҒАНДЫДА: 13°C
  • USD 448.56
  • EUR 478.03
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

  • 13 Сәуір 2024 17:30
    КӘСІПКЕРЛЕР НАЗАРЫНА АҚПАРАТ!

    Сіз көрнекі ақпараттың қазақ тілінде рәсімделуіне қойылатын талаптарды сақтайсыз ба? Тексеруді ұсынамыз ⬇️️ ️

  • 04 Сәуір 2024 17:30
    "МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ЛАТЫНГРАФИКАЛЫ ӘЛІПБИ МӘСЕЛЕСІ"

     Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, белгілі тілші-ғалым Анар Мұратқызы Фазылжанованың қатысуымен «Достық» үйінде «Мемлекеттік тіл саясаты және латынграфикалы әліпби мәселесі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.

  • 27 Наурыз 2024 17:30
    "Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы"

    Облыс көлемінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан "Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы" негізінде тіл саясатын жүзеге асыру бағытында ауқымды іс-шаралар жоспарланған.

  • 15 Наурыз 2024 17:30
    «ТІЛ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ИНТЕГРАЦИЯСЫ» АТТЫ TEDx ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

    Шара мақсаты - өңірлердегі этномәдени орталықтар мен бірлестіктердің басын қосып, ұлтаралық мәдени құндылықтар мен мемлекеттік тілдің мәдениетін сақтай отырып, ұлттық танымды қадірлеу.

  • 12 Наурыз 2024 17:30
    ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ ӨЗІҢНЕН БАСТАЛАДЫ

    Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бастамасымен Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясының 5-11 оқушылары арасында «Өзіңнен баста!» акциясы қолға алынған болатын.

  • 06 Наурыз 2024 17:30
    ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    Қасым үйінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысы Салтанат Мірәсілқызы Әбеуова қарағандылық жастармен кездесті. «Туған тілің – түп қазығың» тақырыбындағы еркін форматтағы кездесуге Қарағанды облысының жастары, жас кәсіпкерлер, қоғам белсенділері, мектеп оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты.

  • 28 Ақпан 2024 16:30
    «Сауатты жарнама-сауатты кәсіпкер» акциясы

    2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес «Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру» әлеуметтік жобасын іске асыру аясында Қарағанды қаласында «Сауатты жарнама-сауатты кәсіпкер» акциясы өтуде. Кез келген көрнекі ақпарат, оның ішінде сіздің тауарыңыз бен қызметіңіз туралы жарнамалар немесе хабарландырулар тіл және жарнама туралы заңнама талаптарын сақтай отырып ресімделуі тиіс екендігіне назар аударамыз.

  • 20 Ақпан 2024 16:30
    МЕМОРАНДУМ АЯСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ІС-ШАРА

    Биылғы жылы қолға алынған меморандум аясында бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 5451 әскери бөлімінде «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырамыз» атты тақырыпта тренинг ұйымдастырылып, өткізілді.

    Тренинг барысында жетілдірілген әліпби нұсқасы таныстырылып, қазақ жазуын латын әліпбиіне көшірудің мақсаты түсіндірілді. 

  • 15 Ақпан 2024 16:30
    ЖЕТІЛДІРІЛГЕН ӘЛІПБИ ЖОБАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

      Бүгін Қарағанды қаламыздағы №74 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырамыз!» тақырыбында тренинг өткізілді.

      Алдымен қазақ жазуының тарихына кіріспе ретінде бейнеролик көрсетілді. Жетілдірілген әліпби жобасы көрсетілген парақшалар таратылып, қатысушылар үшін таныстырылым жасалды.

  • 31 Қаңтар 2024 16:30
    ЕКІЖАҚТЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

    Тіл – қай елде болмасын қастерлі әрі рухани құндылық. Мемлекеттік тілдің ұлт пен ұлтты жақындастырып, өзара ынтымақтастықты арттыратын рөлін күшейту – баршамыздың міндетіміз. Қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде Қазақстан халқын ұйыстыратын ең басты символға айналуға тиіс.

Страницы: 12345