ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 447.40
  • EUR 477.55
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

Жезқазған қаласында «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің тиімділігі» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

27 Қараша 2019 14:37

Ү.ж. 26 қарашада Жезқазған қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшірудің тиімділігі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцифяға тіл жанашырлары мен ұстаздар қауымы, БАҚ өкілдері және жастар қатысты.

Конференцияда сөз алған баяндамашылар 2017 жылдан бері бекітілген және әлі бекітілмеген әліпби нұсқаларының артықшылығы мен кемшіліктеріне, қазақ әліпбиінің жарнамадағы рөліне және мақұлданған емле ережесіне тоқталды. Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының бөлім басшысы Жаканова Жұпардың тарапынан жасалған «Латын графикасына көшудің стратегиясы» тақырыбындағы баяндамада қазақ тілінің мәртебесін көтеру және тіліміздің ұлттық бояуын, үндесім заңдылығын сақтап қалу, шеттілдік сөздерді үндесім заңдылығына сай игеріп қолданудағы жаңа әліпбидің рөліне талдау жасалды. Сондай-ақ Ресурстық тіл орталығының «Қазақша акцент» жобасы жиналғандардың назарына ұсынылды.

Шараның соңы латын графикасында жазылған эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатына ұласты.

 










Артқа қайту