ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 418.90
  • EUR 492.88
  • RUB 5.73
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

«ҚазТЕСТ тапсыру дағдысын қалыптастыру жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өтті

24 Сәуір 2020 13:09

2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ү.ж. 20-24 сәуір аралығында Zoom платформасында ҚазТЕСТ жүйесі негізінде В2 және С1 деңгейлері бойынша тест тапсыратын мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «ҚАЗТЕСТ тапсыру дағдысын қалыптастыру жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді. Семинарды ҚазТЕСТ жүйесі бойынша оқылым бөлігінің әзірлемешісі, Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, педагогика ғылымдарының магистрі Жұпар Рысқұлқызы Жақанова жүргізді.

Семинарға аудан, қалалар бойынша тест тапсырушылар, тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары, тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандары қатысты.

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген межеде «ҚазТЕСТ» жүйесі бойынша айқындалатын мемлекеттік тілді белгілі бір деңгейде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдар қызметкерлерінің үлес-салмағы нақтыланған. Осыны ескеріп келгенде, онлайн-семинарда мемлекеттік тілдің беделін көтеріп, тыңдаушы білімін бағалауда аталған жүйенің тиімділігіне, сондай-ақ тест тапсырмаларының талапқа сай орындалмау себептеріне, жиі жіберілетін қателіктерге көңіл бөлінді. ҚазТЕСТ бөліктерінің талаптары ескертіліп, практикалық тұрғыдан Тыңдалым, Лексика-грамматика, Оқылым, Жазылым бөліктері бойынша тапсырмалар жүйесі талданды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ҚазТЕСТ жүйесі бойынша тес тапсыру үшін үлестірме материалдар түрінде барлық қажетті әдістемелік көмек алды.

 










Артқа қайту