ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 418.90
  • EUR 492.88
  • RUB 5.73
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

Жаңа әліпби негізіндегі ұлттық жазудың жаңғыруы» тақырыбында онлайн курс өтті

30 Сәуір 2020 15:53

 

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен ү.ж. 20-30 сәуір аралығында «Жаңа әліпби негізіндегі ұлттық жазудың жаңғыруы» тақырыбында онлайн курс өтті. Дәрістерді ҚР Үкіметі жанындағы Ұлттық комиссияның Орфографиялық жұмыс тобының ғалымдары оқыды.   

Ұлттық әліпби мен емле ережесін меңгертуге арналған дәріс көпшіліктің көңілінен шықты. Себебі әліпби мен емлені құру, түзу бір бөлек те, оны халыққа жеткізу, меңгерту, сіңірту мүлдем өзгеше дүние. Онлайн дәрісте қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру төңірегіндегі өзекті мәселелер көтерілді, оның ішінде «И» мен «У» дыбысының таңбалануына, шеттілдік сөздердің жазылуына баса мән берілді. Мысалы, мектеп оқушылары арасында жүргізілген эксперимент нәтижесінде робот, директор сөздерін басым көпшілігі робыт, директір деп жазғанын көруге болады. Осы шеттілдік сөздердің қалыптасқан нормаға сай жазылуын спикерлер дәйекті дәлелдерімен, ғылыми негізге сүйене отырып, талдап берді. Осы дәріс аясында ф.ғ.к., Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті М.Тұрсынова жаңа әліпби негізіндегі емле ережесіне тоқталып, ондағы аса назар аударатын мәселелерді тәжірибелік тапсырмалармен ұштастыра отырып түсіндірді.

P.S. Екі аптаға созылған онлайн курс тың ойлар мен жаңа идеяларға толы болды. Ғалымдар мен тіл мамандары арасында пікірталастар мен ашық ойлар үйлесім тапқан шара болды.

 










Артқа қайту