ҚАРАҒАНДЫДА: -14°C
  • USD 425.05
  • EUR 509.29
  • RUB 5.58
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

«Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастыру» тақырыбындағы курс

18 Қыркүйек 2020 17:30

Қыргүйектің 14-18 аралығында Қарағанды қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Ресурстық тіл орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастыру» тақырыбында  Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мамандары мен хайуанаттар бағының мамандарына арнап курс өткізілді. Таңертең және түстен кейін ұйымдастырылған курсты Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының әдіскері Гүлім Ермағанбетқызы мен оқытушы Камила Ерсінқызы жүргізді.

Курста кирилден латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы мен стратегиялық тұстары нақтылы мысалдармен түсіндіріліп, көкейде жүрген  өзекті мәселелер ортаға салынды. Мамандар  тек дәріс тыңдап қана қоймай, латын графикасынан алған білімдерін бекіту мақсатында күнделікті тақырыпқа байланысты практикалық тапсырмаларды орындап, қорытынды диктант жазды. Тақырыпқа сай ойындар ұйымдастырылды. Оқытушы мен тыңдаушылар арасында кері байланыс орнатылып, мамандар  өздерінің тұшымды ойларын үнемі ортаға салып отырды. Алдағы уақытта әліпбидің жаңа нұсқасы қабылданған жағдайда әліпби құрамын тез танып, оқып, жазып кету үшін осындай курстардың маңызы зор болатынына сенімдіміз.










Артқа қайту