ҚАРАҒАНДЫДА: -19°C
  • USD 418.41
  • EUR 507.95
  • RUB 5.69
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

«Еркін микрофон» жобасы аясында онлайн кездесу

08 Қаңтар 2021 17:30

8 қаңтар күні Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы мен Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Еркін микрофон» жобасы аясында онлайн кездесу өткізілді.

Жобаның қонағы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі Сүйіндік Жұмабайұлы Жанысбай болды.

Шара барысында Сүйіндік Жұмабайұлының қаламгерлік жолына байланысты бірнеше сұрақтар қойылды. Жазушы сатира жанрына қатысты туындылары, бірнеше кітабының жазылу тарихы, аударма саласына сіңірген еңбегі, сонымен қатар мемлекеттік тіл саясатына қатысты жазылған мақалалары жайында әңгімесін өрбітті. Жоба қонағы жазушылық әрі журналистік жолына қатысты тыңдармандардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

Жоба соңында қаламгер Саран қаласы әкімінің алғысхатымен марапатталды.










Артқа қайту