ҚАРАҒАНДЫДА: 20°C
  • USD 446.49
  • EUR 475.38
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«Еркін микрофон» жобасы аясында «Терминологияның өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн кездесу

19 Ақпан 2021 16:31

19 қаңтарда Қарағанды облысының Тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы мен Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінiң бірлесе ұйымдастыруымен «Еркін микрофон» жобасы аясында «Терминологияның өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн кездесу өткізілді.

Кездесудің қонағы Тіл саясаты комитетінің Лингвистикалық жұмыстар басқармасының бас сарапшысы Асанова Жанар Болатқызы болды.

Шара барысында спикер мен қатысушылар арасында тұшымды сұқбат жүрді. Тіл жанашыры:

Жаһандану дәуірінде халықаралық терминдердің интеграциялануы;

Қазақ тілінің терминологиялық реттелу барысы;

Терминком сайты туралы;

Терминология саласын реттеуге бағытталған жұмыстарды үздіксіз жүргізіп отыру керектігін баса айтты.

Сонымен қатар балкон сөзінің қылтима болып жүргені бекітілмеген термин екенін; кредит сөзінің аудармасы несие емес екенін;

қазіргі уақытта халық арасында жарыспалы қолданып жүрген шағымның аудармасы жалоба, ал арыз сөзінің мағынасы заявление екенін дәлелдеп айтты. Қатысушыларға терминком сайты туралы видео көрсетілді.

Шара соңында спикер қатысушыларды тілімізді дамытуға  үлес қосуға шақырды.










Артқа қайту