ҚАРАҒАНДЫДА: 12°C
  • USD 448.81
  • EUR 476.82
  • RUB 4.77
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«Әдістемелік көмек» атты онлайн вебинар

22 Ақпан 2021 16:30

22 ақпан күні Ресурстық тіл орталығы тарапынан Қарағанды облысының өңірлеріндегі латын графикасына жауапты әдіскерлеріне арналған «Әдістемелік көмек» атты онлайн вебинар өткізілді.

Вебинарға жалпы 11 адам қатысты.

Вебинар барысында мамандарға жетілдірілген әліпбидің ерекшелігі мен диакритикалық белгілердің қолданысы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, төл әліпбиді насихаттауға арналған әлеуметтік желідегі жобалар мен жаңа әліпбиге қатысты кейбір мәселелер ортаға салынды.

Сонымен қатар латын әліпбиін көпшілік қауымға түсіндіру әдістері туралы кеңес беріліп, әлеуметтік желіге ақпаратты дұрыс берудің үлгілері көрсетілді.

Шара соңында өңір әдіскерлері көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, ұтымды жауап алды. Аталған вебинардың жас мамандарға берері мол деген ойдамыз.










Артқа қайту