ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 447.40
  • EUR 477.55
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«Жаңа әліпбидің жаңалығы» тақырыбындағы түсіндіру шарасы

23 Ақпан 2021 16:30

 Қарағанды облысының білім басқармасымен өзара келісім негізінде «Жаңа әліпбидің жаңалығы» тақырыбындағы түсіндіру шарасы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы тарапынан 2021 жылғы 23 ақпанда Жаңаарқа ауданы мен Жезқазған қаласы үшін ұйымдастырылды.

Семинар барысында қатысушыларға ҚР Үкіметі жанындағы Ұлттық комиссия мақұлдаған латыннегізді қазақ әліпбиі туралы толық мағлұмат берілді. Атап айтқанда, әліпби құрамы таныстырылып, оқылым дағдысын қалыптастыруға арналған:

«Бүгінгі ой», «Айтылым мен жазылым бірдей ме?», «Әріптер сөйлейді» және басқа да жобалар ұсынылды.

Аталған шараға мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері, орта мектептердің бастауыш және қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері, барлығы 200 адам қатысты.










Артқа қайту