ҚАРАҒАНДЫДА: 20°C
  • USD 446.49
  • EUR 475.38
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«Жаңа әліпбидің жаңалығы» тақырыбындағы түсіндіру шарасы

23 Ақпан 2021 16:31

2021 жылғы 23 ақпанда қаламыздағы Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп ұжымы үшін жаңа әліпбидің жаңалығымен таныстыру шарасы ұйымдастырылды.

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы тарапынан ұйымдастырылған вебинарда мектеп мұғалімдеріне әліпби құрамы, ондағы ерекше диакритикалық таңбамен келген әріптер, болашақта шетелдегі қандастарымызбен арада ортақ әліпби арқылы жақсы қарым-қатынас орнайтыны туралы толық ақпарат берілді.

Оқылым дағдысын қалыптастыру мақсатында кері байланыс орнатылды. Орталық тарапынан қолға алынған «Әріптер сөйлейді», «Бүгінгі ой» жобалары таныстырылып, қатысушылар жаңа әліпбимен жазылған сөздер мен даналық сөздерді оқып көрді. 

Вебинарға барлығы 22 мұғалім қатысты.










Артқа қайту