ҚАРАҒАНДЫДА: 9°C
  • USD 449.58
  • EUR 486.94
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«Жаңа әліпбидің жаңалығы» тақырыбындағы түсіндіру шарасы

25 Ақпан 2021 16:30

2021 жылғы 25 ақпанда Қарағанды облысының білім басқармасымен өзара келісім негізінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы тарапынан «Жаңа әліпбидің жаңалығы» тақырыбында кезекті насихат шарасы ұйымдастырылды.

Спикер тарапынан қатысушыларға әліпби құрамы, ондағы ерекше диакретикалық таңбамен келген әріптер туралы толық ақпарат беріліп, әліпбиге қатысты басқа да ұйымдастырушылық мәселелер туралы айтылды.

Оқылым дағдысын қалыптастыру мақсатында кері байланыс орнатылды. Орталық тарапынан қолға алынған:

«Ärıpter söileidı», «Bügıngı oi», «Oimaqtai oi» «Aitylym men jazylym bırdei me?»  жобалары таныстырылып, қатысушылар жаңа әліпбимен жазылған сөздер мен даналық сөздерді оқып көрді. 

Насихат жұмысына негізінен қаламыздағы мектепалды дайындық тобының мамандары мен бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 100 адам қатысты.










Артқа қайту