
E-mail
resurs_til@mail.ru

Мекенжайы
Кеншілер даңғылы, 64

Байланыс телефоны
+7 (7212) 25-51-90
+7 (7212) 25-34-00
Жаңалықтар
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТҮСІНДІРУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ
07 Сәуір 2021 17:307 сәуірде Ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы мамандарына жетілдірілген әліпби нұсқасын насихаттау шарасы ұйымдастырылды.
Қатысушыларға жаңа әліпби жобасына қатысты барлық жаңалықтар рет-ретімен нақты әрі қысқаша түрде жеткізілді. Атап айтқанда:
• әліпби құрамының ықшамдалу себебі;
• қазақ тілінің дыбыстау жүйесі;
• әліпби құрамына әріп енгізуге қойылатын талаптар;
• әріпасты және әріпүсті диакритикасымен ерекше таңбаланатын әріптер;
• әліпбиге қосымша ретінде X,W,C таңбаларының енгізілу себебі туралы толық ақпарат берілді.
Оқылым дағдысын қалыптастыру мақсатында архив саласына қатысты сөздер мен атаулардан мысалдар келтірілді.