ҚАРАҒАНДЫДА: 14°C
  • USD 448.89
  • EUR 477.93
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«ҚАСЫМТАНУ КӨКЖИЕГІ» ДӘРІСТЕР ЦИКЛЫ ЖАЛҒАСУДА

12 Мамыр 2021 16:31

12 мамырда Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойына орай онлайн-дәрістер циклының кезекті дәрісін ұйымдастырды.

Іс-шараның кезекті қонағы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті, ф.ғ. к. Қазанбаева Айнагүл Зікірқызы «Қасым мен Мұқағали өлеңдеріндегі үндестік» тақырыбында сөз қозғады.

Дәріс мазмұнында:

-Қ.Аманжолов пен М.Мақатев өлеңдеріндегі тілдік өрнек, метафораның жеке мүмкіндігі;

-Қ.Аманжолов өлеңдеріндегі ең көп көп қолданылған тәсіл – астарлы мағыналы баламалар мәселесі сөз етіліп, екі ақынның өлеңдеріне салыстырмалы талдау жасалды.

Іс-шара соңында мектептерде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес «Қасымтану» курстарын ұйымдастыру туралы мектеп мұғалімдерінің ой-пікірлері тыңдалды және сұрақтарға жауап берілді. Сондай-ақ Қасым Аманжолов шығармашылығынан ғылыми жоба қорғамақшы оқушыларға осы бағыттағы тақырыпты қалай жүйелеп беру керектігі жөнінде кеңес берілді.

Аталмыш шараға ақынның туған өлкесі Қарқаралы ауданының азаматтары, Қарағанды мемлекеттік университетінің ғалымдары; Қарағанды гуманитарлық колледжінің ұстаздары, мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері; өңірлердегі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің мамандары қатысты.

Мазмұнды дәріс оқыған Айнагүл Зікірқызына шығармашылық табыс тілейміз!










Артқа қайту