ҚАРАҒАНДЫДА: 9°C
  • USD 449.58
  • EUR 486.94
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

«AUDİODİKTANT JAZAİYQ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

13 Мамыр 2021 16:30

13 мамырда қаламыздың №16 жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі және әдебиеті мұғалімдерінің қатысуымен кезекті аудиодиктант жазылды. Акцияға 14 мұғалім қатысты.

Диктант 14.00-де басталып, 14.40-та аяқталды. 146 сөзден тұратын аудиодиктант тақырыбы – «Älihan – tıl janaşyry». Қатысушыларға көмекші құрал ретінде жаңа әліпби нұсқасы ұсынылды.

Диктант қорытындысы жаман емес. Жалпы алғанда мектеп мұғалімдері диктантты жақсы жазуға тырысты.

Дегенмен қателіктер де кездесті. Атап айтсақ, «і», «ı», «j» «ş» әріптерін танып жазу қиындық туғызғаны байқалды. Мысалы: «Älihan» сөзін «Alihan», «ışkı» сөзі «ishki» деген сияқты ағылшынның диграфты әріптерімен келетін сөздерді шатастырып жазу кездесті. Сондай-ақ диакритикалық белгілердің жазылуына байланысты да кедергілер болғаны аңғарылды.

Жалпы мұғалімдердің жаңа қазақ әліпбиіне көзқарастары өте жақсы. Алдағы уақытта тағы да латын графикасына байланысты шараларға қатысқысы келетіндерін жеткізді. Шара соңында мұғалімдер өз ой-пікірлерін жеткізіп, сұрақтарына жауап алды.

Осы акцияны ұйымдастыруға көмек көрсеткен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алма ханымға алғыс айтамыз.










Артқа қайту