ҚАРАҒАНДЫДА: 9°C
  • USD 449.58
  • EUR 486.94
  • RUB 4.86
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

ТРЕНИНГ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

03 Қыркүйек 2021 16:30

3 қыркүйекте қаламыздағы «Мерей» бөбекжайының мамандарына «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырамыз!» атты тренинг өткізілді.

Тренинг барысында жетілдірілген әліпбидегі диакритикалық таңбалардың не себепті түрлі алынғанын, қандай мағына беретініне анықтама беріліп, әліпби жобасының осыған дейінгі болған әліпби нұсқаларынан өзгешелігі түсіндірілді . Жетілдірілген әліпби нұсқасында қазақ тілінің барлық тілдік нормалардың сақталғандығы, дыбыстау жүйесі туралы ақпарат берілді.

Шара барысында қатысушылар әліппемен танысып қана қоймай, өзгерген төл әріптермен бірқатар жазба жұмыстарын орындады. Сондай-ақ әліппеден түсіп қалған кирилл әріптерінің орнына ереже бойынша қандай әріптер жазылатыны түсіндіріліп, жаттығулар жазылды.










Артқа қайту