ҚАРАҒАНДЫДА: 20°C
  • USD 446.49
  • EUR 475.38
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

Ахмет Байтұрсынов атындағы «Үздік әдістеме» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

09 Қыркүйек 2021 15:51

Ахмет Байтұрсынов атындағы «Үздік әдістеме» облыстық байқауының (бұдан әрі – Байқау) ережесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес әзірленді.

Байқаудың ұйымдастырушысы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы «Ресурстық тіл орталығы» КММ (бұдан әрі - Орталық) болып табылады.

Байқаудың мақсаты:

  • шығармашыл және өзіндік идеясы бар, әдістемелік шеберлігі зор, кәсіби әлеуеті жоғары мамандарды анықтау, қолдау, ынталандыру;
  • оқытушылардың кәсіби-педагогикалық шығармашылығын шыңдау және тіл оқыту үдерісін ілгерілету;
  • білім алушылар мен ересектерге латын графикасына негізделген қазақ тілін оқытудың жаңашыл әдіс-тәсілдерін анықтау;
  • латын графикасына негізделген қазақ тілін меңгертудің озық үлгісіндегі педагогикалық тәжірибелерді тарату.

Байқауға орта және арнайы білім беру ұйымдарының, колледждердің оқытушылары мен әдіскерлері, өңірлердегі латын графикасын енгізуге жауапты мамандар, тіл оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары қатыса алады.

Алдыңғы байқауда бірінші орынға ие болған жеңімпаз қатыстырылмайды.

Ахмет Байтұрсынов атындағы «Үздік әдістеме» облыстық байқауына қатысушыларға ұсынылатын тақырыптар:

1. Қазақ  әліпбиі

2. Дауысты дыбыстарды таңбалайтын әріптердің емлесі (a, e, ı, y)

3. Дауыссыз дыбыстарды таңбалайтын әріптердің емлесі

4. İ, u әріптерінің емлесі

5. Әліпбиден түсіп қалған кирилл әріптерінің емлесі (э, ё, ц, ч, щ, ю, я)

6. Әліпбиден түсіп қалған  кирилл таңбаларының емлесі (ь, ъ)

7. -дж, -ст, -сть, -вт, -фт  әріп тіркесіне аяқталған сөздердің емлесі

8. Сөз ортасында және соңында қатар келген дауыссыздардың емлесі (сс,мм, лл, тт, фф, нн, бб, рр, пп, гг, дд, кк, уу, ий)

9. -нг, -ог, -ок, -кт, -ск, -пт, -рг, -рк, -лк әріп тіркесіне аяқталған сөздердің емлесі

10. Кейбір кірме сөздерге қатысты ережелер

11. Түбір мен қосымшаның емлесі

12. Бірге жазылатын сөздер мен кіріккен сөздердің емлесі

13. Дефиспен жазылатын сөздердің емлесі

14. Бас әріппен жазылатын сөздердің емлесі

15. Күрделі атаулар емлесі

16. Қысқарған сөздердің емлесі. Тасымал.

Байқау үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең: Қатысушылардың портфолиосымен және бейнетаныстырылымымен танысу, талдау, бағалау, қорытынды шығару.

Екінші кезең: Ұйымдастырушылар тарапынан ұсынылған тақырыпқа сәйкес қатысушылар тарапынан әзірленген 15 минуттық бейнесабақ үлгілерін саралап, 6 үміткерді іріктеу.

Үшінші кезең: Екінші кезеңнен өткен 6 үміткердің сабақ үлгілерін қазылар алқасының алдында қорғап шығуы (ұзақтығы 20 минуттан аспауы тиіс).

Кезеңдер бойынша қойылатын талаптар:

Байқауға қатысушылар 2021 жылғы 11 қазанға дейін adisteme-2020@mail.ru электрондық поштасына:

1) өз жұмыстарын таныстыру мақсатында электронды портфолиосын (өтінім, автопортрет, титул парағы, анкеталық мәліметтер, жеке куәлігі мен диплом көшірмесі, латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиі мен емлесін оқыту әдістемесіне байланысты БАҚ-та жарияланған мақалалары, жетістіктерін айғақтайтын құжаттар (сертификаттары, дипломдары, алғыс хаттары);

2) әлеуметтік желіде жариялау үшін 3 минуттан аспайтын өзі туралы бейнетаныстырылымын;

3) ұсынылған тақырыпқа сәйкес 15 минуттық бейнесабақ үлгісін (сабақ жоспары мен презентациясы қоса ұсынылады) жіберуі тиіс.

Байқау кезеңдері төменде берілген критерийлер бойынша 5-10 ұпай аралығындағы шкаламен бағаланады.

Портфолио мен бейнетаныстырылым мынадай критерийлер бойынша бағаланады:

- материалдардың шынайылығы және сауатты ресімделуі;

- таныстыру моделінің өзіндік ерекше құрылымының болуы;

- мәліметтер мен ақпараттардың анық және логикалық жағынан дұрыс құрылыммен орналастырылуы;

- дизайнының тартымдылығы мен эстетикалық талапқа сәйкестігі.

Сабақтың үлгісі мынадай критерийлер бойынша бағаланады:

  • жаңа әліпбиге негізделген қазақ тілінің емле ережелерін терең меңгеруі;
  • тақырыпты терең меңгерген болуы және оқу процесін дұрыс ұйымдастыра алу қабілетінің көрінуі;
  • оқытушының тақырыпты меңгертуде түрлі ақпарат көздерін қолдануы, оны игерту шеберлігі;
  • тіл үйренушілермен кері байланыстың болуы, тақырыпты меңгерту барысында оқушыларды ынталандыра білу қабілетінің көрінуі;
  • оқытушы қолданған оқу-әдістемелік ресурстардың (аудио, бейне, мультимедиалық, көрнекілік және т.б.) сабақ мазмұнына сәйкестілігі;
  • әдістемелік материалдары жаңашыл, озық үлгідегі әдістермен қамтылуы;
  • сабақтың тәрбиелік мәнде және танымдық сипатта өтуі;
  • оқытушының өзіндік шығармашылық бейнесінің, коммуникативтік мәдениеті мен импровизациясының көрінуі.

Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау мен жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамы тіл мамандары мен педагог-ғалымдардан тұрады. Сандық құрамы 5 адамнан аспауы тиіс.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының ашық дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ұйымдастырушы бекіткен жүлде қоры мөлшерінде сыйлықтармен марапатталады.

Жүлде қоры (салық және міндетті төлемдерді қоса алғанда)

І орын- 189 873 теңге

ІІ орын- 164 556 теңге

ІІІ орын- 139 240 теңге

Ынталандыру  сыйлықтары 3 адам*63291

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Орталықтың интернет-ресурсында орналастырылады.

Ескерту: Белгіленген уақыттан кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды. Қабылданған жұмыстар кері қайтарылмайды. Қазылар алқасы тарапынан қорытынды кезеңде іріктелген сабақ жоспарлары әдістемелік жинаққа енгізіледі. Карантиндік шаралар енгізілген жағдайда шараның форматы мен өткізу мерзімі өзгеруі мүмкін.

Мекенжайы: 100000, Қарағанды қаласы, Кеншілер даңғ., 64-үй, «Достық үйі», 218-каб.

Байланыс телефондары: 8/7212/25-34-00, 25-51-90, 87759055317.

 










Артқа қайту