ҚАРАҒАНДЫДА: 10°C
  • USD 425.30
  • EUR 501.05
  • RUB 5.85
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Кеншілер даңғылы, 64
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 25-51-90 +7 (7212) 25-34-00

Жаңалықтар

ТӘРБИЕ БАСЫ - ТІЛ онлайн кездесу

08 Қыркүйек 2021 17:31

8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін қалаушы, ұлт ұстазы, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың және Тілдер мерекесінің құрметіне орай қаламыздағы Әлихан Бөкейхан атындағы және №54 мектептерде тағылымды кездесулер ұйымдастырды. Кездесуге Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақанова құрметті қонақ ретінде қатысып, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырып, мәртебесін арттыру бағытында атқарылатын, қолға алынуға тиісті жұмыстар туралы ойын ортаға салды.

Іс-шараға аталған мектеп оқушылары мен пән мұғалімдері ғана емес, қала мектептеріндегі тіл мен әдебиет мұғалімдері де қатысып, кездесу қонағына сұрақтарын қойды. Сұрақтардың басым бөлігі:

- ұлттық құндылықтардың ішінде тілдің алатын орны;

- мектептерде қазақ тілін оқыту;

- отбасындағы тілдік тәрбие;

- қазақ тілі оқулықтарының мазмұны;

- жаңа графиканың ерекшелігі төңірегінде болды.

Кездесу қонағы қойылған сұрақтарға лайықты жауап беріп, ұлтын сүйетін, тілін құрметтейтін әрбір қазақ тіл жанашырына айналуы тиіс деген қорытындыға келді.

 










Артқа қайту