ҚАРАҒАНДЫДА: 20°C
  • USD 446.49
  • EUR 475.38
  • RUB 4.79
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

Жаңалықтар

  • 03 Мамыр 2023 16:30
    КЕЗЕКТІ ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

    3 мамырда қаламыздағы “Балақай” балабақшасында “Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырамыз!” тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингке балабақша қызметкерлері,әдіскерлері қатысты. Мамандармен пікір алмаса отырып, қойған сауалдарына жауап алды.

  • 29 Сәуір 2023 16:30
    ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

    28 сәуірде Жезқазған тарихи-археологиялық музейінде «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР» атты тақырыпта аймақтық әдістемелік семинар өткізілді. 

  • 26 Сәуір 2023 16:30
    КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН ТРЕНИНГ

    Бүгін қаламыздың «Балапан» бөбекжайында «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырайық!» атты онлайн тренинг өтті.

  • 19 Сәуір 2023 16:30
    «АЛТЫН САҚА» БӨБЕКЖАЙЫНДА «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» САЙЫСЫ ӨТТІ

    Бүгін қаламыздың таңдаулы бөбекжайларының бірі – «Алтын сақада» «Абай оқулары» сайысы өтті. Еліміздегі тіл саясатын жетілдіру, балаларға данышпан Абайды таныту, шығармашылығын насихаттау мақсатында қолға алынған шараға Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Жақан мен оқытушы Әлия Қайып қазылар алқасы құрамында қатысып, әділ бағалап, жеңімпаздарды жүлделі орындармен марапаттап қайтты.

  • 18 Сәуір 2023 16:30
    ОБЛЫСТЫҚ "ТІЛДАРЫН" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

    Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды қолдау, ынталандыру, көтермелеу мақсатында өткізілген байқауға өңірлерден, білім беру мекемелерінен және жоғары оқу орындарынан 15-35 жас аралығындағы жастар қатысты.

  • 14 Сәуір 2023 16:30
    КЕЗЕКТІ ОНЛАЙН ТРЕНИНГ

    Бүгін Жұмабек Тәшенов атындағы ЖББМ мұғалімдеріне “Латын графикасында оқу және жазу дағдысын қалыптастырамыз” атты тақырыпта тренинг өткізілді.

  • 13 Сәуір 2023 16:30
    КУРС КҮНДЕЛІГІ. АЛТЫНШЫ КҮН

    Бүгін, «Латыннегізді әліпбидің жетілдірілген нұсқасы және емледегі өзгерістер» тақырыбындағы 12 сағаттық онлайн оқыту курсының соңғы күнінде бақылау тапсырмасы орындалды. Бес күн бойы жетілдірілген әліпби нұсқасы, емле ережесі туралы ақпарат алған қатысушылар диктант жазып, түрлі тақырыптағы мәтіндерді оқыды.

  • 12 Сәуір 2023 16:30
    КУРС КҮНДЕЛІГІ. БЕСІНШІ КҮН

    «Латыннегізді әліпбидің жетілдірілген нұсқасы және емледегі өзгерістер» тақырыбындағы 12 сағаттық онлайн оқыту курсының үшінші, төртінші күндері қатысушыларға төл сөздер мен шеттілдік сөздердің емлесі туралы ақпарат берілген болатын.

  • 12 Сәуір 2023 16:30
    АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫС, ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ

    Қарағанды облысының "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының ғимаратында тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастамасымен қолға алынған "Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру" әлеуметтік жоба жұмысының алғашқы отырысы болып өтті. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Салтанат Абеуова Қарағанды облысы аумағында кәсіпкерлік нысандармен жүргізіліп отырған жалпы жұмыс барысы туралы ақпарат беріп, жоба жұмысын бастап берді.

  • 11 Сәуір 2023 16:30
    КУРС КҮНДЕЛІГІ. ТӨРТІНШІ КҮН

    Бүгін, курстың төртінші күнінде емле ережедегі өзекті, жаңалығы көп, бәрін қызықтырып жүрген «Шеттілдік сөздердің емлесі» тақырыбындағы тарау бойынша толық ақпарат берілді.

    Аталмыш тақырып бойынша дәрісті Ресурстық тіл орталығының әдіскері Әсия Даниярқызы жүргізді.

Страницы: 456789101112