ҚАРАҒАНДЫДА: 21°C
  • USD 447.40
  • EUR 477.55
  • RUB 4.76
Нашар көретіндер үшін
Карта
Мекенжайы Ғабиден Мұстафин көшесі,6/4
Телефон
Байланыс телефоны +7 (7212) 78-04-09 +7 (7212) 78-10-86

ЖОБАЛАР

Ақ халатты абзал жандар латын әліпбиін үйренді

Латын графикасына  көшу бойынша  оқыту және әдістемелік жұмыс  бөлімінің әдіскері Жансая Мухаметжанова латын графикасына көшудің маңыздылығы, кезең-кезеңмен көшу, Орталықтың мақсаты мен атқаратын жұмыстар туралы ақпарат беріп, түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, латын графикасының болашақ үшін маңызын, рухани қажеттілігін халыққа, көпшілікке насихаттай отырып, тренингке қатысушылардың оқу-жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Тілімізге енген жаңа «акут», «диграф» сөздерінің шығу тарихына тоқталды және акут, диграф әріптер жайлы түсінік берілді. Әліпбидегі өзгерістерді тез есте сақтау мақсатында тәжірибелік тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, жуан дауысты дыбысы бар сөздер мен жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді бөліп екі бағанға жазыңыздар деген тапсырманы қиындықсыз орындап, нәтижесінде өздері акут диакриттік таңбасы қазақтың төл дыбыстарына тән деген шешімге келді. Оқу дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізілген «Қызық екен» ойыны өте тартысты өтті. Берілген сұрақтарды оқып, дұрыс жауабын таба отырып, оқу дағдыларын қалыптастырды. Ойын басында аудиториядан сенімсіздік сезілді, тапсырманы орындай келе ол мәселе шешімін тапты.

Медицина қызметкерлерінің жаңа әліпбиге деген қөзқарасы, қызығушылығы мен қабылдауы басқа аудиториялармен салыстырғанда жоғары деңгейде. Себебі, кәсібіне сәйкес аталмыш саланың өкілдері латын әліпбиімен бұрыннан таныс деуге болады.

Тренинг нәтижесінде аудитория латын әліпбиімен танысып, жаттығып, базалық білім қалыптасырды.

 



Артқа қайту